Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 15-4/552 ұсынысы негізінде, Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданының Бөгетсай ауылдық округі Бөгетсай ауылында орналасқан "Бекзат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырық ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 7 "Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6854 тіркелген, 2020 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
Г. Туйтенов