Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 3 "Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы көшеге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-116 тіркелген, 2010 жылы 26 наурызда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы";
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Бөгетсай ауылындағы атауы жоқ көшеге Тахау Байсадақов атауы берілсін".
2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөгетсай ауылдық округінің әкімі | М. Суиналин |