Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 07.09.2015 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Бөгетсай ауылындағы атауы жоқ көшеге Тахау Байсадақов атауы берілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Богетсай ауылдық округінің әкімінің м.а.: | К.Бултенов |