Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 "Шалқар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 3-13-191 тіркелген, 2018 жылғы 19 сәуірде "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
М. Ержанов |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |