Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 "Шалқар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 ақпандағы № 430 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 6826 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 "Шалқар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 3-13-191 тіркелген, 2018 жылғы 19 сәуірде "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
М. Ержанов
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады