Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Алюминий Казахстана" Акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 7 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Б. Каниев |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 90 қаулысына қосымша |
"Алюминий Казахстана" Акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері
№ | Жер пайдаланушылардың атауы | Жалпы алаңы (гектар) | Кадастр нөмірі |
Жер учаскесiнiң |
1 |
"Сәрсенғали" |
5000 |
02-035-017-094 |
Шалқар ауданы, |
2 |
"Қайнар" | 3262 | 02-035-017-072 | |
3 |
"Қаратоғай" |
2640 |
02-035-017-029 | |
4 |
"Нұрлыаман" | 680 | 02-035-017-098 | |
5 |
"Шәкір" | 3700 | 02-035-017-100 | |
6 |
"Ырғыз аудандық |
19,86 |
02-035-026-330 |