Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 24 "Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4978 тіркелген, 2016 жылы 15 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы, Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |