Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 24 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 шілдеде № 4978 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 486 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.06.2020 № 486 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4237 санымен тіркелген, 2015 жылғы 30 наурызда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
О. Уксакбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 24 шешіміне қосымша

Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттелген тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.

      2. Жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізілетін орындар:

      1) Есет Көтібарұлы және І.Үргенішбаев көшелерінің қиылысындағы І.Үргенішбаев ескерткішінің алды;

      2) Есет Көтібарұлы көшесі бойында орналасқан, "Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайы" мемлекеттік мекемесінің алдында.

      3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:

      1) Бозой тас жолынан, әрі қарай А.Жұбанов көшесінің бойымен Есет Көтібарұлы және І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысына дейін;

      2) Ә.Молдағұлова және Есет Көтібарұлы көшелерінің қиылысынан, әрі қарай Есет Көтібарұлы көшесінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін.

      4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ барлық қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Шалқар ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және басқа да қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың

      қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;

      8) алкогольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді ;

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар және басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.

      8. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізілетін объектісінің жанында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға жол беріледі.

      9. Пикет тұрпатын митинг, жиналыс, шеру түрінде жалғастыру үшін Шалқар ауданы әкімдігінің белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

      10. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Шалқар ауданы әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуы тиіс.

      11. Шалқар ауданы әкімдігінің өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары тарапынан жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады