ЗҚАИ-дың ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға Шалқар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 301 қаулысына қосымша |
2021 жылға Шалқар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Қамқор локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Ақтөбе локомотив жөндеу депосы" филиалы | 388 | 0,3 | 1 |
2 | "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы- "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" | 318 | 0,3 | 1 |
3 | "Қамқор вагон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шалқар вагон жөндеу депосы" филиалы | 177 | 0,6 | 1 |
4 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 563 | 0,2 | 1 |
5 | "Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұлы Борсық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 200 | 0,5 | 1 |
6 | "Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 152 | 0,7 | 1 |