Шектеу іс-шараларын алу және Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 18 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 7941 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №16-8/162 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шетырғыз ауылдық округінде орналасқан "Әбдіраш" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шетырғыз ауылдық округінің әкімі Ж. Табынбеков

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Шетиргизского сельского округа от 7 октября 2020 года № 12 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Шетиргизского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области от 31 декабря 2020 года № 18. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 6 января 2021 года № 7941

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления руководителя Шалкарской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № 16-8/162, аким Шетиргизского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллез среди крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории крестьянского хозяйства "Әбдіраш" расположенного в Шетиргизском сельском округе.

      2. Признать утратившим силу решение акима Шетиргизского сельского округа от 7 октября 2020 года № 12 "Об установлении ограничительных мероприятий", (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7518, опубликованное 8 октября 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Шетиргизского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Шалкарского района, после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Шетиргизского сельского округа Ж. Табынбеков