Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 10.06.2020 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) сәйкес Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Алматы облысы бойынша 2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) 2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің | |
қаулысына 1-қосымша |
Алматы облысы бойынша 2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 | Күріш |
2 | Қант қызылшасы |
3 | Жүгері |
Алматы облысы әкімдігінің қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
№ | Облыс атауы | Бюджеттік субсидияның көлемі, теңге |
1 | Алматы облысы | 3 316 115 000,0 |
Барлығы | 3 316 115 000,0 |
Алматы облысы әкімдігінің қаулысына 3-қосымша |
2020 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | 1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге |
1 | Күріш | 4 000,0 |
2 | Қант қызылшасы | 10 000,0 |
3 | Жүгері | 6 000,0 |