2020 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 231 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 11 маусымда № 5539 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) 2020 жылға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) 2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

      3) 2020 жылға арналған басым дақылдардың субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Алматы облысы әкімдігінің "2020 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі мен нормаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 25 ақпандағы № 66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 тіркелген, 2020 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  2020 жылғы 10 маусымы № 231 қаулысына 1-қосымша

2020 жылға арналған басым дақылдар тізбесі

№ р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1

Күріш

2

Қант қызылшасы

3

Жүгері

  2020 жылғы 10 маусымы № 231 қаулысына 2-қосымша

2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі


р/с

Облыс атауы

Бюджеттік субсидияның көлемі, теңге

1

Алматы облысы

3 316 115 000,0


Барлығы

3 316 115 000,0

  2020 жылғы 10 маусымы № 231 қаулысына 3-қосымша

2020 жылға арналған басым дақылдардың субсидиялар нормалары


р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге

1

Күріш

4 000,0

2

Қант қызылшасы

10 000,0

3

Жүгері

6 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады