Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 394 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 11 маусымда № 5540 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Талдықорған қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3456 тіркелген, 2015 жылдың 13 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2015 жылдың 18 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Тустукбаев
      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы Т. Ахажан

  шешіміне қосымша

Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

Жалпы ережелер

      1. Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынуы бойынша, ауылдық округтер әкімдіктерінің бекітілген тізімдерінің негізінде әлеуметтік қолдау өтініш берусіз тәртіпте көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті орган ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.

Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Талдықорған қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

      Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Талдыкорган

Решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 2 июня 2020 года № 394. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 11 июня 2020 года № 5540

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Талдыкорган согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Талдыкорганского городского маслихата:

      1) "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Талдықорган" от 4 сентября 2015 года № 338 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3456, опубликован 13 октября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) "Об установлении единовременной денежной компенсации на покрытие расходов за коммунальные услуги и на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности" от 18 ноября 2015 года № 357 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3596, опубликован 18 декабря 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Талдыкорганского городского маслихата "По вопросам социальной защиты, соблюдению законности, защиты окружающей среды и прав граждан".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. Тустукбаев
      Секретарь Талдыкорганского
      городского маслихата Т. Ахажан

  Приложение к решению

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Талдыкорган

Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее–социальная поддержка) за счет бюджетных средств оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Талдыкорган (далее–специалисты).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом–государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния города Талдыкорган".

      Порядок оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка оказывается в беззаявительном порядке, на основании списков, утвержденных акиматами сельских округов по предоставлению государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      4. Выплата социальной поддержки производится через банки второго уровня, с которыми в установленном законодательством порядке заключен договор для зачисления сумм на лицевые счета специалистов, на основании представленных уполномоченным органом ведомостей.

      Размер оказания социальной поддержки

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

      Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной поддержки

      6. Социальная поддержка прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Талдыкорган.

      Выплата социальной поддержки прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином порядке установленном законодательством Республики Казахстан.