Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 02.06.2020 № 394 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс LVІ | |
сессияның төрағасы | Т. Ахажан |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | М. Бопазов |