"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3817 тіркелген, 2016 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Т. К. Бигужановке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының | |
сессия төрағасы | С. Джансенгиров |
Талдықорған қалалық мәслихатының | |
хатшысы | Т. Ахажан |