"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қапшағай қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 42-179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2997 тіркелген, 2015 жылдың 28 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2015 жылғы 15 шілдедегі № 50-206 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3331 тіркелген, 2015 жылдың 01 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихатының | |
сессия төрағасы | С. Даданбеков |
Қапшағай қалалық маслихатының | |
хатшысы | К. Ахметтаев |
Қапшағай қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 67-251 шешіміне қосымша |
Қапшағай қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
1. Жалпы ережелер
1. Қапшағай қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынымы бойынша тізімдерін ауылдық округ әкімдіктерімен бекітілген тізім негізінде, өтінішті талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті органымен ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
4. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Қапшағай қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.
Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.