"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 02 тамыздағы № 7-36 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3943 тіркелген, 2016 жылдың 21 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындауын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Т. Жумадилов |
Текелі қалалық мәслихатының | |
хатшысы | Н. Калиновский |