Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 02 тамыздағы № 7-36 "Текелі қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 47-281 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 1 маусымда № 5530 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 02 тамыздағы № 7-36 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3943 тіркелген, 2016 жылдың 21 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындауын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      сессия төрағасы Т. Жумадилов
      Текелі қалалық мәслихатының
      хатшысы Н. Калиновский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады