Ескерту. Күші жойылы - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің 14.07.2021 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 18 "Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 тіркелген, 2020 жылдың 05 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.".
көрсетілген шешімнің қосымшасында 26-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"26. № 69 сайлау учаскесі.
Орталығы: Достық ауылы, Т. Рысқұлов көшесі № 11, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Достық ауылы, Абай, Абылайхан, Ж. Жабаев, Р. Қошқарбаев, Қабанбай, Т. Рысқұлов, Әлібаев, Теміржолшылар көшелері, Көктұма, Жалаңашкөл станциясының аумағы.".
көрсетілген шешімнің қосымшасы 54-тармақпен толықтырылсын:
"54. № 1049 сайлау учаскесі.
Орталығы: Достық ауылы, Жансүгіров көшесі № 5, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Достык кентінің № 11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Достық ауылы, Б. Момышұлы, Бейбітшілік, Бәкіров, әскери қалашық, Д. Қонаев, Достық, Ә. Молдағұлова, І. Жансүгіров, Қасабай, Д. Рақышев, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Мақатаев көшелерінің аумағы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. О. Қанағатовқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Жаканбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Манкебаев