"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Достық ауылдық округінің Достық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Достық ауылдық округінің Достық ауылындағы "Лаңкөл" көшесі "Шәкәрім Құдайбердіұлы" көшесіне, "Қызылсай" көшесі "Дәнеш Рақышев" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Р. Курмаев |