Достық ауылдық округінің Достық ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 30 сәуірде № 5516 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Достық ауылдық округінің Достық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Достық ауылдық округінің Достық ауылындағы "Лаңкөл" көшесі "Шәкәрім Құдайбердіұлы" көшесіне, "Қызылсай" көшесі "Дәнеш Рақышев" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Р. Курмаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады