"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сопаков Маулен Берликовичке жүктелсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | К. Досанов |
Ескелді ауданы маслихатының хатшысы | К. Алпысбаев |
Ескелді аудандық мәслихаты 2020 жылғы 18 тамызы № 67-382 шешіміне қосымша |
Ескелді аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2015 жылғы 12 маусымдағы № 53-290 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 тіркелген, 2015 жылдың 23 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Ескелді ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4849 тіркелген, 2018 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. "Ескелді ауданының аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 41-248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4950 тіркелген, 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4. "Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 41-249 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4952 тіркелген, 2018 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).