Ескелді ауданының аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 41-248 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 13 желтоқсанда № 4950 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 тамыздағы № 67-382 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 18.08.2020 № 67-382 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының сессия төрағасы Д. Идрисов
      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Алпысбаев

  Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы "Ескелді ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 41-248 шешіміне қосымша

Ескелді ауданы бойынша салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері

Рет. №

Салық салу объектісінің атауы

Ескелді ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің (айлық есептік көрсеткіші)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2.

Біреуден көп ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

10

5.

Карт

5

6.

Бильярд үстелі

3

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады