"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 2-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3811 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Депутаттық этика, өкілеттілік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Е. Турумбетов |
Іле аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Абилова |