"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4064 тіркелген, 2017 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының аппарат басшысы Қ. Қалиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Ж. Бейсембаев |
Іле аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Абилова |