Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-50 "Іле ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 65-262 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 9 қарашада № 5733 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4064 тіркелген, 2017 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының аппарат басшысы Қ. Қалиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ж. Бейсембаев
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады