"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байсерке ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Іле ауданының Байсерке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байсерке ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Байсерке ауылындағы "Аптечная" көшесі "Ер Еділ" көшесіне, "Зеленый" көшесі "Тоныкөк" көшесіне, "Зоопарковский" көшесі "Қадырғали Жалайыри" көшесіне, "Интернациональный" көшесі "Береке" көшесіне, "Луговой" көшесі "Күлтегін" көшесіне, "Медицинский" көшесі "Жүсіп Баласағұн" көшесіне, "Мельничный" көшесі "Дулат Бабатайұлы" көшесіне, "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне, "Набережный" көшесі "Күйші Дәулеткерей" көшесіне, "Овражный" көшесі "Тәттімбет" көшесіне, "Октябрьский" көшесі "Роза Бағланова" көшесіне, "Парковый" көшесі "Ермек Серкебаев" көшесіне, "Первомайский" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Полевая" көшесі "Күйші Дина" көшесіне, "Почтовый" көшесі "Аманат" көшесіне, "Пролетарский" көшесі "Халифа Алтай" көшесіне, "Садовая" көшесі "Темірбек Жүргенов" көшесіне, "Степная" көшесі "Кейкі батыр" көшесіне, "Строительный" көшесі "Жанқожа батыр" көшесіне, "Цветочный" көшесі "Шырайлы" көшесіне, "Чапаев" көшесі "Майқы би" көшесіне, "Юбилейный" көшесі "Сабыр Рахимов" көшесіне, "14 линия" көшесі "Сұлтанбек Қожанов" көшесіне;
Жаңаталап ауылындағы "Интернациональный" көшесі "Қожаберген жырау" көшесіне;
Ынтымақ ауылындағы "Алматинский" көшесі "Алматы" көшесіне, "Мир" көшесі "Жиембет жырау" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байсерке ауылдық округ әкімі | Т. Копбаева |