"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Іле ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылындағы "Илийский" көшесі "Іле" көшесіне, "Целинный" көшесі "Жолбарысты" көшесіне, "30 лет Победы" көшесі "Жеңіске 30 жыл" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Чапаев ауылдық округ әкімі | К. РАХИМОВ |