Чапаев ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектің № 6 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 2 қазанда № 5686 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Іле ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылындағы "Илийский" көшесі "Іле" көшесіне, "Целинный" көшесі "Жолбарысты" көшесіне, "30 лет Победы" көшесі "Жеңіске 30 жыл" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чапаев ауылдық округ әкімі К. РАХИМОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады