"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Қаскелең қаласы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаскелең қаласының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
батысында орналасқан көшелерге "Ұлы Дала", "Мәңгілік Ел", "Орбұлақ", "Алтынемел", "Хантау", "Шыңғыстау";
оңтүстігінде орналасқан көшелерге "Ақбозат", "Асқартау", "Жасқыран", "Киікті", "Қоғалы", "Ақсарай", "Ақшоқы", "Отырар", "Ордабасы", "Қарқаралы", "Салауат", "Сәйгүлік", "Іле", "Сыбаға", "Тамшылы", "Телқоңыр", "Таукент", "Тұмар";
шығысында орналасқан көшелерге "Қызғалдақ", "Қосшоқы";
оңтүстік шығысында орналасқан көшелерге "Құмкент", "Мерген", "Мұзарт", "Отау", "Наркескен", "Қарашоқы", "Желмая", "Кемеңгер", "Көкпар", "Қағанат", "Қазына", "Жас дәурен", "Дарабоз", "Алтай";
солтүстігінде орналасқан көшелерге "Атамұра", "Баянтау", "Ақниет", "Шаңырақ", "Шамшырақ";
солтүстік-батысында орналасқан көшелерге "Ақкент", "Ақотау", "Аманат".
2. Қаскелең қаласының тұйық көшелері қайта аталсын:
"Ақдала" тұйық көшесі – "Жетісу" атауымен, "Алпамыс" тұйық көшесі – "Жанкент" атауымен, "Алтын орда" тұйық көшесі – "Ертіс" атауымен, "Арасан" тұйық көшесі – "Талас" атауымен, "Асанжан Көбелеков" тұйық көшесі – "Ақмоншақ" атауымен, "Әбілхан Қастеев" тұйық көшесі – "Алтынкөл" атауымен, "Әл-Фараби" тұйық көшесі – "Бақдаулет" атауымен, "Бастау" тұйық көшесі – "Бозқараған" атауымен, "Жақыпбек Жанғозин" тұйық көшесі – "Қоңырөлең" атауымен, "Жамбыл Жабаев" тұйық көшесі – "Отан" атауымен, "Жібек жолы" тұйық көшесі – "Ордалы" атауымен, "Зауыт" тұйық көшесі – "Шапағат" атауымен, "Көктем" тұйық көшесі – "Шұбарқұдық" атауымен, "Қайназар батыр" тұйық көшесі – "Сарайшық" атауымен, "Қаныш Сәтбаев" тұйық көшесі – "Сығанақ" атауымен, "Мәншүк Маметова" тұйық көшесі – "Берел" атауымен, "Нұрғиса Тілендиев" тұйық көшесі – "Байқоныс" атауымен, "Нұрсұлтан Әлімқұлов" тұйық көшесі – "Доланалы" атауымен, "Тастақ" тұйық көшесі – "Керегетас" атауымен, "Тау самалы" тұйық көшесі – "Көкорай" атауымен, "Үмбетәлі" тұйық көшесі – "Қанағат" атауымен.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дуйсенова Кульжан Адилхановнаға (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай ауданының әкімі | Ж. Далабаев |
Қарасай аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Баяманов |
Қарасай аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | А. Исаева |