"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылындағы "Депутат" көшесі "Шаңырақ" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірінші май ауылдық округінің әкімі | Е. Мукатаев |