Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Бірінші май ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 30 желтоқсанда № 5842 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылындағы "Депутат" көшесі "Шаңырақ" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бірінші май ауылдық округінің әкімі Е. Мукатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады