"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 3-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген, 2016 жылдың 9 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенов Айдар Кожабековичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының | |
сессия төрағасы | М. Смагулов |
Көксу ауданы мәслихатының | |
хатшысы | А. Досымбеков |