Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 3-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 60-12 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 8 сәуірде № 5450 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 3-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген, 2016 жылдың 9 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенов Айдар Кожабековичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы М. Смагулов
      Көксу ауданы мәслихатының
      хатшысы А. Досымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады