Райымбек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 34-160 "Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 69-336 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 22 маусымда № 5546 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 13-73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 14.11.2023 № 13-73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 34-160 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4629 тіркелген, 2018 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;";

      "4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.";

      7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 200 айлық есептік көрсеткіш;";

      5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.";

      7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшасын есептемегенде, облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Райымбек аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы К. Бошугулов
      Райымбек аудандық мәслихатының
      хатшысы Е. Кудабаев

О внесении изменений и дополнения в решение Райымбекского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 34-160 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Райымбекского района"

Решение Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 9 июня 2020 года № 69-336. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 22 июня 2020 года № 5546. Утратило силу решением Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 14 ноября 2023 года № 13-73

      Сноска. Утратило силу решением Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 14.11.2023 № 13-73 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Райымбекский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Райымбекского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Райымбекского района" от 15 марта 2018 года № 34-160 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4629, опубликован 19 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Райымбекского района, утвержденных указанным решением:

      подпункты 1) и 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "1) 15 февраля – День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан;";

      "4) 29 августа – День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона.";

      подпункты 1) и 5) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны – 200 месячных расчетных показателей;";

      "5) граждане имеющие социально значимые заболевания, без учета доходов семьи – 5 месячных расчетных показателей;";

      пункт 7 дополнить подпунктом 10) следующего содержания:

      "10) семьи, дети которых воспитываются и обучаются в дошкольных организациях образования, у которых среднедушевой доход не превышает семидесяти процентного порога, в кратном отношении к прожиточному минимумупо области – 5 месячных расчетных показателей.";

      подпункт 3) третьего абзаца пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму по области, за исключением подпункта 10) пункта 7 настоящих Правил.";

      подпункт 2) пункта 11 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Райымбекского районного маслихата "По вопросам социально-культурного развития, права, работы с общественными объединениями и средствами массовой информации".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Райымбекского
      районного маслихата К. Бошугулов
      Секретарь Райымбекского
      районного маслихата Е. Кудабаев