"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Сарқан аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 9-46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3975 тіркелген, 2016 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 9-45 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3976 тіркелген, 2016 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Т. Догоманов |
Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы | К. Абдрахманов |
Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпаны № 76-303 шешіміне қосымша |
Сарқан ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сарқан ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынымы бойынша тізімдерін ауылдық округ әкімдіктерімен бекітілген тізім негізінде, өтінішті талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті органымен ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
4. Тарау. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Сарқан ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.
Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.