Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 76-303 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. Сарқан аудандық мәслихатының аппарат басшысы Разбеков Бейсенбай Мерекебаевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс 9 сессисының төрағасы | Ж. Игіман |
Сарқан аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Абдрахманов |