"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 39-184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5048 тіркелген, 2019 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Андасова Мира Кудайбергеновнаға жүктелсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Талғар аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | А. Сембаев |
Талғар аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ж. Еңкебайұлы |