Талғар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 39-184 "Талғар ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 60-255 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 7 тамызда № 5600 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 39-184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5048 тіркелген, 2019 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Андасова Мира Кудайбергеновнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Талғар аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы А. Сембаев
      Талғар аудандық мәслихаттың
      хатшысы Ж. Еңкебайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады