"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Талғар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы № 2-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3805 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Талғар аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 03 наурыздағы № 12-74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 тіркелген, 2017 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Андасова Мира Кудайбергеновнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | А. Сембаев |
Талғар аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ж. Еңкебайұлы |