Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 04.05.2020 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 03-12/46 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Аварийный поселок көшесі № 10/3 үй, 8 пәтерде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Аварийный поселок көшесіне;
2) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жолы даңғылы № 30 үй, 8 пәтерде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Жібек жолы даңғылы № 30 үйге;
3) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Еламан шағын ауданы, Қаратөбе тас жолы № 670 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Еламан шағын ауданына;
4) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елтай шағын ауданы, Айсауыт көшесі № 56 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Айсауыт көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | М. Айтенов |