Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 264 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 103 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-1 тармағы 3) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 03-12/202 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Аварийный поселок көшесіне;

      2) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жолы даңғылы № 30 үйге;

      3) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Еламан шағын ауданына;

      4) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елтай шағын ауданы, Айсауыт көшесіне қойылған шектеу іс-шаралары құтыру ауруының ошақтарында жұмыстар аяқталуына байланысты тоқтатылсын.

      2. "Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 83 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 31 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады