Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмiнiң 15.08.2022 № 1 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29, 37-баптарына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына және 2020 жылғы 13 наурыздағы Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының № 3 хаттамасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайрам-су" өзенінің жағалауларын шайылу салдарларын оқшаулап және жою қажеттілігіне байланысты, Шымкент қаласы, Енбекші ауданындағы Базарқақпа, Қаратау ауданындағы Сайрам тұрғын алабтарындағы "Сайрам-су" өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбекке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | М. Айтенов |