Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 2 шешімі. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 98 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмiнiң 15.08.2022 № 1 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29, 37-баптарына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына және 2020 жылғы 13 наурыздағы Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының № 3 хаттамасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайрам-су" өзенінің жағалауларын шайылу салдарларын оқшаулап және жою қажеттілігіне байланысты, Шымкент қаласы, Енбекші ауданындағы Базарқақпа, Қаратау ауданындағы Сайрам тұрғын алабтарындағы "Сайрам-су" өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбекке жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады