"Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбекке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "18" мамыры № 293 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының балық шаруашылық су айдындарының тiзбесi
№ | Су айдындарының атауы | Орналасқан жері |
1 | Тоғыс су қоймасы | Шымкент қаласы, Айнатас ауылы |
2 | Бадам су қоймасы | Шымкент қаласы, Маятас ауылы |
3 | Текесу су қоймасы | Шымкент қаласы, Текесу ауылы |
4 | Ақжар су қоймасы | Шымкент қаласы, Ақтас ауылы |