Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 699 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 231-17 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 293 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 105 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

  Шымкент қаласы
әкімдігінің
2025 жылғы 24
ақпандағы
№ 699
қаулысына қосымша

Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесi

Су айдындарының атауы

алаңы, га

кординаттары

балық шаруашылығының түрі

орналасқан жері

1.

Тоғыс су қоймасы

469,2537 га

69° 40' 5.76" E
42°13' 15.97" N

Тауарлық балық өсіру шаруашылығы

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Айнатас тұрғын алабы

2.

Бадам су қоймасы

32,0703 га

69° 49' 21.957" E
42°13' 10, 82" N

Тауарлық балық өсіру шаруашылығы

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабы

3.

Текесу су қоймасы

18,85 га

69° 38' 47. 271" E
42° 09' 34. 739" N

Тауарлық балық өсіру шаруашылығы

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Текесу тұрғын алабы

4.

Ақжар су қоймасы

27,0 га

69° 30' 29. 608" E
42° 13' 03. 324" N

Тауарлық балық өсіру шаруашылығы

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Ақтас тұрғын алабы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады