Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 18.08.2021 № 780 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу және "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 101 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 245 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Ергешбекке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "19" маусымдағы № 382 қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "20" наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілді |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны |
1. | "Шымкент құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 320 | 4 | 13 |
2. | "Стандарт Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 835 | 4 | 33 |
3. | "ЮНИКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 295 | 4 | 12 |
4. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 277 | 4 | 11 |
5. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 428 | 4 | 17 |
6. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 386 | 4 | 15 |
7. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 10 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 512 | 4 | 20 |
8. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 1397 | 4 | 56 |
9. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 452 | 4 | 18 |
10. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перзентхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 373 | 4 | 15 |
11. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 2 оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 124 | 3 | 4 |
12. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перинаталдық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 572 | 4 | 23 |
13. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 6 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 509 | 4 | 20 |
14. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 12 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 461 | 4 | 18 |
15. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 519 | 4 | 21 |
16. | "Барыс-2007" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 245 | 3 | 10 |
17. | "Karlskrona LC AB" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 213 | 3 | 8 |
Барлығы: | 7918 | 314 |