Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу және "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 101 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 245 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 23 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 780 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 18.08.2021 № 780 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 101 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 сәуірдегі "Шымкент келбеті" газетінде және 2018 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
"20" наурыздағы 2019 жылғы
№ 245 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 19.06.2020 № 382 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны

1.

"Шымкент құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

320

4

13

2.

"Стандарт Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

835

4

33

3.

"ЮНИКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

295

4

12

4.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

277

4

11

5.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

428

4

17

6.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

386

4

15

7.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 10 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

512

4

20

8.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1397

4

56

9.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

452

4

18

10.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перзентхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

373

4

15

11.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 2 оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

124

3

4

12.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перинаталдық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

572

4

23

13.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 6 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

509

4

20

14.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 12 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

461

4

18

15.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

519

4

21

16.

"Барыс-2007" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

245

3

10

17.

"Karlskrona LC AB" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

213

3

8


Барлығы:

7918


314


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады