Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 12.08.2022 № 20/175-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 503-бабына, 509-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттырылсын.
2. "Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/239-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 15 маусымда № 4633 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымдағы № 49 "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |