Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 23-12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2199 болып тіркелген, 2014 жылы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларында:
1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жамбыл облысының елді мекендердегі желектерге күтіп ұстау және қорғау Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10886 болып тіркелген, 2015 жылдың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.";
3 тармағы 31) тармақшасымен толықтырылсын:
"31) Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.".
16-1 тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жасыл желек кесілген жерді қайта қалпына келтіру мақсатында, ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізеді.".
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
маслихатының сессия төрағасы | А. Джумабаев |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Карашолаков |